БІЗ ТҰРАЛЫ

Сәбитова Айнур Әлімханқызы - Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор. Ресей халықаралық құқық  Ассоциациясының мүшесі,   (Мәскеу қаласы), Бүкіләлемдік халықаралық құқық Ассоциациясының жеке мүшесі (Лондон қаласы), Н.Ә.Назарбаевтың жас әрі талантты ғалымдарған арналған Мемлекеттік стипендиясының үш мәрте лауреаты, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері (2006г.), жоғары оқу орынындағы еңбек өтілі 20 жыл. З.ғ.д., профессор  Сәбитова А.Ә. Ресейде (МГИМО, РҒА Мемлекет және құқық Институты), АҚШ пен Ұлыбританияда ғылыми тағылымдамадан өтті. Франция Республикасының Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сот Кеңесінің  медалімен марапатталған  (2018 ж. сәуір). ҚР ҰҒА академигі С.Н. Сәбикеновтің және Ресей Федерациясы ҰҒА академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер И.И. Лукашуктің ғылыми жетекшілігімен 12.00.10 – Халықаралық құқық мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. Халықаралық құқық шетелдік мектептерінен тағылымдамадан өтті, 150-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Көптеген  заң, құқық тақырыбындағы журналдардың редколлегия мүшесі.  әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ің халықаралық құқық және заң мамандығы бойынша докторлық диссертациялар қорғау кеңесінің мүшесі. 

Сәбікенов Салахиден Нұрсарыұлы – ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР және КСРО ІІМ жоғары оқу орындарында қызмет атқарды. Кәсіби қызмет атқарған әр жылдары бірнеше жауапты қызметтер атқарды, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды. 300-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. С.Н. Сәбікеновтің ғылыми жетекшілігімен 45 ғылым кандидаты, 10 заң ғылымдарының докторы, 10 PhD докторы дайындалды. 2003 ж. Ғылым, білім жіне өнер саласындағы ХХІ ғасыр көшбасшылары Саммитінде  (Женева қаласы) «Мінсіз іскерлік беделі үшін» алтын медалін иемденген, Сократ атындағы (Оксфорд, Ұлыбритания) халықаралық марапаттың иесі.

Сәбитова Шынар Әлімханқызы – Филология ғылымдарының докторы, қауым.профессор. Екі жоғары білімі бар (филологиялық және халықаралық құқық). Орыс тілі мен әдебиеті қазақстандық Ассоциациясының мүшесі және Ресей халықаралық құқық  Ассоциациясының мүшесі,   (Мәскеу қаласы), Қазақстандық халықаралық құқық  Ассоциациясының мүшесі. Абай атындағы стипендия иегері, педагогикалық еңбек өтілі 29 жылдан астам.  Сәбитова Ш.Ә. 150 астам ғылыми жұмыстардың және оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың, соның ішінде, 5 оқу құралының, 2 монографияның авторы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Халықаралық өмір және саясат» сериясының жауапты хатшысы. Абай атындағы ҚазҰПУ-ің «Үздік  ұстаз» медалінің иегері.  

Исағалиев Қайрат Исағалиұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дипломаты, профессор. ҚР бірқатар мемлекеттік марапаттарын алған, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, ҚР СІМ мерейтойлық медальдерімен марапатталған. Дипломатиялық және консулдық құқық пәндерінен сабақ береді. 

 

Жәбелова Толқын Ерғазықызы –  1998 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-ді үздік бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты, «Халықаралық құқық» кафедрасының доценті. Жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.  Жәбелова Т.Е.  100-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 3 оқу-әдістемелік құрал мен монографияның авторы. Әр түрлі деңгейдегі алғыс хаттар мен, сертификаттар, мақтау қағаздарымен марапатталған. Абай атындағы ҚазҰПУ-ің  «Үздік  ұстаз» медалінің иегері. 

 

Қанаева Ақмарал Жұманқызы, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.

2002 жылы "Шет тілі: француз тілі" мамандығы бойынша Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік аяқтады. 2005 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің магистратурасын аяқтады. 2007-2016 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқытушы қызметінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру  бөлімі басшысына дейін қызмет арқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Сорбонна-Қазақстан институтының Халықаралық құқық кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді.

Виши қаласындағы СAVILАМ лингвистикалық орталығында (Франция), Валенсия университетінде (Испания), оқытушылардың академиялық ұтқырлығы аясында Перпиньян университетінің Француз зерттеулері бойынша университеттік орталығында (Франция) тілдік және педагогикалық тағылымдамадан өтті.

Халид Фатес, әдебиет және француз өркениеті (2011 ж.) және тіл туралы ғылым (2013 ж.) салалары бойынша екі жоғары білім алғаннан кейін, 2015 жылы әдіскер және лингвист Ж.П. Кюктің жетекшілігімен: Бастапқы деңгейде білім алушылардың өзін өзі бағалауы тақырыбында диссертация жазып Ницца София-Антополис университетінде француз тілі шет тілі, екінші және ана тілі ретінде дидактика бағыты бойынша магистр дәрежесіне ие болды.

Сейсекеева Нұргүл Балтабайқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі. Жоғары білім беру жүйесінде тәжірибесі 8 жыл. Сейсекеева Н.Б. Ресейде (Омбы мемлекеттік жолдар және байланыс университеті) және Францияда (Гренобль қ.Стендаль3 Унивеситеті) тағылымдамадан өтті. Қарағанды облысы бойынша француз тілі мұғалімдер бірлестігін басқарды.

2015 жылдың қазанында Шымкент қаласындағы Француз Альянсында стажер-оқытушы ретінде Мемлекеттік шәкіртақы алды.

2016 жылдан бастап Сорбонна-Қазақстан институтында

Француз тілі шет тілі ретінде, Кәсіби француз тілі пәндерінің оқытушысы қызметімен қатар, Алматы қаласының Француз Альянсында француз тілі пәнінің оқытушысы қызметін атқарады.

«Француз тілі мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығы» (АКЕФ) ұйымдастырған түрлі семинарларда тренер ретінде: «Білімді тиімді игеру үшін ойын әдісін пайдалану», «Тілдік сыныптардағы арнайы мақсаттағы француз тілі / Мамандық бойынша француз тілі» модульдерге қатысты.

911


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БІТІРУШІЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ